Қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдейтін ірі кәсіпорын бой көтереді. Нысанның жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.  Сонымен қатар шаһардағы қоқыс полигонының да инфрақұрылымы жаңартылып, санитарлық талаптар күшейтілді. Толығырақ әріптесім тарқатады. 


Облыс орталығында жалпы құны 435 миллиард.теңгеге болатын 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.  Соның бірі - 11 миллиард теңгеге бағаланған қоқыс өңдеу зауыты. Болашақ нысан экологиялық ахуалды жақсартып, 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.


АЙДЫН АБЫЛҚАСЫМ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Іске асыру кезеңі 2026–2027 жылдар деп көрсетілген инвестордың жоспары бойынша. Қоқыс өңдеу зауыты ол бүкіл дүниежүзілік экологиялық мәселе болғандықтан, әрине, ол біздің Қонаев қаласында да өте қажетті инвестициялық жоба. Өйткені Қонаев қаласында жылдан-жылға халық саны артып келе жатыр. Және де бұл зауыттың бір ерекшелігі -ол жаңағы осы қоқысты өңдеу арқылы электр энергиясын, электр энергия көзін шығаратын болады»

Ал жаңа зауыт іске қосылғанша, қаланың негізгі полигонында да кешенді қауіпсіздік шаралары атқарылды. Нысан «Қонаев Көркейту» мекемесінің қарауына өткелі бері,  қоршау орнатылып, аумақты айналдыра  ор қазылды. Бұл өрт қауіпсіздігі мақсатындағы алдын-алу шарасы. 

ДАРХАН БАТЫРША
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Қазіргі таңда бұл жердегі 44 гектар аумақ қоршалған және де тоқ тартылған, су тартылған және де арнайы траншеялар қазылған. Траншеялардың қазылу себебі -өрт болған жағдайда өрт сол аумақта ғана тұтанып, өшірілуге байланысты. Бұл жерде 7 адам және 4 арнайы техника жұмыс істейді. Және де айына шамамен 8000 тоннаға жуық қоқыс келеді бұл жерге. 2025 жылы тағы да бұл жерге ағаш егілді, су желісі тартылды, тоқ желісі тартылды және де трансформатор қойылды. Қазіргі таңда сұрыптау желісі салынуда»

Бұдан бөлек, күресін  аумағында өндірістік ғимараттар жөнделіп, жолға асфальт төселді. Экологиялық жағдайды жақсарту ағаш егілді.Қазіргі уақытта мұнда қалдықтарды реттейтін жаңа жүйе орнатылуда. Бұл шаралардың барлығы облыс орталығындағы тазалықты сақтап, коммуналдық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыз: