Жаңа қойма ашылды

Талғар ауданында жылына үш жарым  милион данаға дейін дөңгелек айналымын қамтамассыз ететін ірі логистикалық қойма ашылды. Мұнда тек сақтау сату ғана емес, қайта өңдеу мен сервистік орталық та  қарастырылған. Кешен жұмысымен тілшіміз танысты. 


Достық ауылы маңында, яғни тоғыз жолдың торабында жаңа жұмыс бастаған  логистикалық қойма 20 гегтардан аса аумақты алып жатыр. Алып кешенде  жүздеген контейнер тізбегі орналасқан. Мүнда  импорттық дөңгелектер сақталады.  


ҚУАНЫШ СЕЙСЕНБАЕВ
КОМПАНИЯНЫҢ БРЭНД МЕНЕДЖЕРІ 
«Жобаға жалпы 8 милиярд теңге қарастырылған. Қазір оның 3,5 милиярды игерілді. Жалпы бұл жоба 22,6 гегтарды алып жатыр. Оның ішінде кеңсе шина сату орталығы орналасқан. Ең бастысы біздің жұмысымыз – осы жерден қазақстанның түпкір түпкіріне шиналарды үйлестіру. Яғни бұл жердің негізгі атауы – ірі логистикалық үйлестіру хабы»  


Мұнда тек дөңгелек сақтау және тасымалдау қызметі ғана көрсетілмейді. Өңдеу цехында қысқы дөгелектерді дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал қоймада ескі дөңгелектерді кәдеге жарату бойынша да ауқымды жэұмыс атқарылады.  


ҚАЗЫБЕК ӘШІМОВ 
ҚОЙМА ДИРЕКТОРЫ
«біз жаңа дөңгелектерден бөлек экологиямызға да пайдамызды тигізейік деп ескі дөңгелектерді де өңдеп туарап, ойын алаңқайларына төселетін үгінділерді әзірлеп отырмыз. Былтыр 500 мың дөгелек турағанбыз, ал биыл 1 милион дөңгелек тураймыз деген жоспардамыз»


Қоймада 200 ге жуық азамат тұрақты жұмыс істейді. Олар толықтай жатахқана және тамақпен қамтылған. Жалақылары да жоғары. 

ҚАЙНАР СЕРІКҰЛЫ
ЖҰМЫСШЫ 
«Менің келгеніме 2 жарым жыл болды. осы тұста компания арқылы шетелге де барып келдім. Көріп тұрғандарыңыздай жігіттердің көңіл күйі тамаша. Қазір жалақы400 мың»
 

ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 
 ТІЛШІ
« Мұнда күнініе орташа 20 мың дана дөңгелек тиелген жүк көліктері елдің түпкір түпкіріне аттанып отырады. Ал қойма жылына 3 жарым милион данаға дейін дөңгелек айналымын ұйымдастыруға қабылетті. Сондықтан бұл орталық бүгінде шиналарды  сақтауға арналған  ТМД бойынша ең ірі логистикалық хабқа айналып отыр»


Импорттық тауар  отандық нарықты толықтай қамтиды. Одан бөлек Өзбекстан  және Қырғызстанға  тасымалданады.

Сондай-ақ оқыңыз: