Бақша берекесі

Ұйғыр ауданында бақша дақылдарын өсіру қарқынды жалғасуда. Биыл өңірде қауын мен қарбыз 77 гектар алқапқа егіліп, мол өнім жиналып жатыр.  

Мысалы Ақтам ауылдық округінде бақша шаруашылығымен ондаған шаруа қожалығы айналысады. Құдық учаскесінің топырағы мен суының ерекшелігі бұл өңірде өсірілетін қарбыздың сапасына тікелей әсер етеді. Биылғы қолайлы ауа райы да өнім көлемін арттырып, диқандардың еңбегін ақтады. Жалпы  ауылдық аймақта 83 шаруа қожалығы бар. Суармалы жер көлемі 883 гектар. Заманауи агротехнологиялар мен сапалы тұқым түрлерін пайдалану өнімнің сапасын жаңа деңгейге көтерген. Алдағы уақытта диқандар тәтті  өнімнің нарықтағы үлесін арттырсақ дейді. Ал тұтынушылар үшін бұл – табиғи әрі сапалы өнімге деген сенімнің айқын көрінісі.


АЙДАР КӨЖЕБАЕВ 
АҚТАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«... Енді Ақтам дарбызы деген атқа ие болуымыздың басты себебі мынау Кеңес өкіметінде деп айтамыз ғой, сол кезде мынау өңіріміздің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыз арнайы келіп осы Құдықтағы қауын, қарбыздан ауыз тиіп өзінің бағасын беріп кеткен. Міне сол себептен де Ақтам дарбызы деген брендке ие болып отырмыз»

Сондай-ақ оқыңыз: