Тау төріндегі тіршілік

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бейнеархиві жаңа, бірегей кадрлармен толықты. Талғар ауданындағы таулы аумақта орнатылған фототұзақтарға Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар түсті. Мамандардың айтуынша, заманауи құрылғылар жануарларды табиғи ортасына кедергі келтірмей, қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Ал фототұзақ объективіне қандай аңдар ілікті? Тілшіміз баяндайды


Фототұзақтарға көбіне марал, сібір тауешкісі, ұлар және басқа да аң-құстар түседі. Алайда соңғы уақытта кадрларда Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар жиі байқала бастаған. Бұған ғылыми зерттеу мен жануарлар есебін жүргізу мақсатында қосымша фототұзақтардың орнатылуы себеп. Қазір Талғар филиалының өзінде осындай жеті құрылғы жұмыс істеп тұр. 


САЯТ ҚАШЕНОВ
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП ЖЕДЕЛ ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
“Енді көбінесе жабайы аңдар түнгі уақытта жүреді. Кеш батып келе жатқан кезде. Көбінесе біз қоятынымызы Тянь-Шань аюына. Сосын түркістін рысь дейді ғой бізде. Ілбіс. Соған қоямыз және барыс. Көбінесе сол қызыл кеітапқа енген жануарларға қоямыз. Ай сайын аптасына бір бір фототұзақты түсіріп жатамыз жақын маңдағы. Көбінесе бір айға қоямыз ұзақ мерзімге” 

Фототұзақтар бұдан бөлек аңдардың негізгі сүрлеулері мен суаттардың маңына да қойылған. Жануарларды бақылаумен қатар парк қызметкерлері қысқы маусымға қажетті азық қорын әзірлеуде. Қазірдің өзінде жеті центнер шөп дайындалып, жүз келіге жуық тұз қоры жиналды. 

ДӘУРЕН ТОҒАБАЕВ
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП ТАЛҒАР ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ
“Шілде айынан бастап 70 данадан сыбырғыштар кесеміз еліктерге. Қызыл мия шөбінен, қайың бұтақтарынан кесіп, дайындап, шатырға кептіріп,тұзды соған малып қыс айында соларды кармушкаларымызға апарып іліп, еліктерге береміз”

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жануарлардың 270-ке жуық түрі мекендейді. Олардың қатарында  Қызыл кітапқа енген қар барысы, сілеусін және Тянь-Шань қоңыр аюы бар. Таутеке саны 780 жетсе, сондай ақ 39 барыс, 85 аю мен 184 сілеусін бар. Мамандардың пікірінше, сирек жануарлардың фототұзақтарға жиі түсуі – парк аумағындағы ерекше қорғалатын аңдар популяциясының өсіп келе жатқанының айқын белгісі.

Сондай-ақ оқыңыз: