Президенттің таңдаулы ойлары кітапқа енді

Қазақстанда «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарыққа шықты. Жинаққа Президент ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1994 жылдан бергі таңдаулы ой-тұжырымдары мен маңызды мәлімдемелері енген. Басылым 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Онда заң үстемдігі, мемлекеттік басқару, білім беру, жастар саясаты, цифрландыру, ұлттық бірегейлік және экологиялық мәдениет секілді өзекті мәселелер қамтылған. Кітап мемлекеттік қызметшілерге, оқытушыларға, студенттерге және жалпы  оқырманға арналған. Жақын уақытта ол қоғамдық кітапханалар мен білім беру ұйымдарына таратылады.

Сондай-ақ оқыңыз: