Ұлттық Құрылтай сайлауына дайындық
Алматы облысында 23 тамызға жоспарланған Ұлттық құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы пысықталды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің төрағалығымен өткен жиында сайлау учаскелерінің әзірлігі, комиссия мүшелерін оқыту және дауыс беру күні инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелесі талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінде еліміз бойынша 10 мың 400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын бастаған. Оның 683-і Алматы облысының аумағында орналасқан. Жиында сайлау процесінің сапалы өтуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар маңызды міндеттер қаралды.
ШАВХАТ ӨТЕМІСОВ
ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
«Жалпы, біздің Орталық сайлау комиссиясының арнайы жоспары бойынша бірқатар көзделген шараларымыз жүзеге асырылуда. Соның бірі жергілікті сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту… Ең бірінші назар аударатынымыз – осы сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жұмысы қандай деңгейде? Біздің негізгі бүгінгі жиналысымыздың мақсаты – осы Алматы облысында дайындық барысында қандай істер атқарылып жатқаны туралы байқау»