Тозған ғимараттар саудағы шығарылады

Алматы облысында пайдаланылмай тұрған ескі ғимараттар сауда-саттыққа шығарылады. Бұл шешім облыстық мәслихаттың ашық көпшілік тыңдауында қабылданды. Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ ауданы, білім беру ұйымдары меншігіндегі 6  нысанды сату мәселесі қаралды. Жиынға депутаттардан бөлек, жергілікті тұрғындар қатысты. Талқылаудың басты тақырыбы өткен ғасырдың 60–70 жылдары салынған ескі ғимараттар болды. Бұл нысандар заман талабына сай емес, әрі ол елді мекендерде жаңа мектептер бой көтерген. Пікірталас кезінде халық қалаулылары екіге жарылды. Бір бөлігі жер телімдерін болашақта тұрғындар игілігіне қалдыруды ұсынды. Ал екінші тарап мүлікті сату арқылы ауыл экономикасын жандандырып, орнына  қажетті нысандар салу тиімдірек екенін алға тартты. Ұзақ дисскуссиядан кейін тозығы жеткен бұрынғы мектеп ғимараттары мен Ынтымақ ауылындағы ескі медпункт сауда-саттыққа шығарылатын болды. Іс-шара «Жергілікті мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік мүлік» және «Жастар саясаты» туралы заңнамаларға сәйкес өткізілді.


НҰРБАҚЫТ БӨКЕБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
«Қазір қаландан елдің бәрі ауыл жерге көшіп жатыр. Сондықтан қолдан келетін үлкен азаматтар осындай ғимараттарды алып, елдің игілігіне жаратады ғой деген сеніммен беріп отырмыз. Неше жылдан бері бос тұрған ғимарат, ол жерде енді маскүнемдер болуы мүмкін, қылмыстық оқиғалар болуы мүмкін. Ол сондай жағдай болмау үшін»

Сондай-ақ оқыңыз: