Өрт оқшауланды
Қарасай ауданындағы «Ақсай» карьерінде қызыл жалын әлі ауыздықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке оранған аумақта құрылыс заттары мен тұрмыстық қалдықтар жанған. Қазір арнайы құрылған топ өртті өшіруде. Бұл іске 17 техника мен 32 адам жұмылдырылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, жағдай аудан әкімінің жеке бақылауында. Өрт толық өшкенше күнделікті жедел штаб жұмыс істейді.
ЕРЖАС ТОҚТАСЫНОВ
РАЙЫМБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Осы өртті жою мақсатында қатты қалдықтарды аршу, су себу, топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде. Залалды анықтау мақсатында, заңнамаларды қарау мақсатында тиісті құзырлы органдарға хаттама жіберілді. Жалпы қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Тиісті жұмыстар атқарылуда.»