Су үнемдеу
Алматы облысында су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік алқаптардың көлемі 100 мың гектарға жетті. Оның жартысы жаңбырлатып суару жүйесімен, қалғаны тамшылатып суғарылады. Өңірде осындай әдіспен қамтылатын алқаптардың аумағын жыл сайын 50 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Мысалы, Іле ауданында құны бір жарым млрд. теңге болатын жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылуда. Ал Райымбек ауданында шаруалар кооператив құрып, 500 гектар картоп алқабына су үнемдейтін заманауи жүйені енгізді. “Бұл тәсіл суды тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырады” дейді мамандар.
ДУЛАТ ҚҰЛМАМЫРОВ
КООПЕРАТИВ ТӨРАҒАСЫ
«Сарыбастау ауылдық округіндегі Қараой жазығы енді бұрынғы Совет одағынан бері богара, суармалы емес жер болып келген болатын. Мына Алматы облысындағы қолдау бағдарламасы жаңбырлатып суару жүйесіне беріліп жатқан 80 пайыздық субсидия бағдарламамен соның негізінде осы жаңбырлатып суғару жүйесін алып келіп, осы 500 гектарды суармалы жүйеге айналдырдық. Картошкаларымызды ектік. Арпа-бидай, дәнді дақыл, жоңышқа бәрі егіліп, қазір күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр»