Егін орағы

Балқаш ауданында орақ науқаны қызу жүріп жатыр.  Аудандағы «Бірлік» агрофирмасының диқандары таңның атысынан күннің батысына дейін тынымсыз тірлікке кірісіп, күзгі ырыстың қамын жасауда. Қазір шаруашылықта алтын дән – бидайды ысырапсыз, қамбаға жинау ісі қарқынды жалғасуда.


Биыл агрофирма мың гектар алқапқа бидай, 300 гектар жерге арпа, 1200 гектарға күріш және 2900 гектарға  жоңышқа еккен. Жүздеген гектарға жайылған егін алқаптарында қолда бар техникалар дамылсыз жұмыс істейді. Әр күнді тиімді пайдалану керек. Шаруашылық басшысы Алмас Қыстаубаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы маңдай тер мен табандылықты талап етді.Сондықтан еңбекке адал болған адам оның жемісін міндетті түрде көреді.


АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ 
“БІРЛІК” АГРОФИРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Сол мың гектар жердің  500 гектарын шауып қамбаға 700 тоннадай бидай әкеп қойдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай. Осы бидай орағын біткеннен кейін арпа жинау науқаны басталады» 

Агрофирма тек егін шаруашылығымен ғана шектелмейді. Әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстайды. Бірлік ауылында тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тұрақты қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасайды.  

АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ 
“БІРЛІК” АГРОФИРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бізде ауыл болғаннан кейін жағдайы төмен отбасылар болады. Жартылай жетім де отбасылар болады. Соларға шаруашылық қолынан келгенше көмк жасайды. Біздің ауылда 20 жақты оқушы бар. Соларға 1 қыркүйек оқу, білім күніне байланысты арнайы біз  өзіміздің шотымыздан киім-кешегін, сумкасын мектепке керек құрал-жабдығын алып береміз деп жоспарлап отырмыз» 

Жалпы биыл  байтақ өңірде 3780 гектара арпа-бидай егілді. Қазіргі кезде соның  70 пайызы оралып, астық жиналды. Қалағанын алдағы екі аптада аяқтау жоспарланып отыр. Шарауларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оңтайлы шешілген. 

ӘЛІБЕК БӨПЕШБАЕВ
БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 
«Бізге жалпы арзандатылған солярка 558 тонна ұсынылып отыр. Бүгінгі таңда соның 500 тоннасын алып үлгердік. Қазіргі көмек деп айтатыным нарықтың баға 360 теңгеден болып тұр ал бізге 260 теңгеден беріліп тұр. Өте жақсы көмек деп ойлаймыз» 

Дала төсінде дамылсыз гүрілдеген комбайндар, маңдай терін төккен механизаторлар мен диқан қауымның қажырлы еңбегі – ауылдың берекесі мен елдің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. 

Сондай-ақ оқыңыз: