Асыл тұқымды мал саны артты
Жамбыл ауданында мал саны артуда. Қазір аймақта 103 мың ірі-қара, 57 мыңнан аса жылқы бар. Әсіресе асыл тұқымды ірі қара мен қой санын көбейту жұмысы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Ал ата- кәсіппен айналысып, мал басын арттырғысы келетін шаруаларға мемлекеттен қандай қолдау бар? Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Ауданда 1000 нан астам ірілі-ұсақты қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары мал бордақылайтын ірі алаңдар көбейіп, жалы саны 19 ға жетті. Әсіресе асыл тұқымды мал басын арттыруды қарқыны жақсы. Мәселен аймақтағы ірі қараның 20%-ға жуығы асыл тұқымнан алынған төл. Солардың бірі Қарғалы ауылындағы 400 бас ірі қараға арналған бордақылау кешені.
АЯН НҰРПЕЙІСОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«19 мал бордақылау алаңдары бар. Қуаттылығы 12450 басқа арналған. Бордақылау алаңдары жақсы дамыған жұмыстарын істеп жатыр, етпен қамтып отыр. Жалпы жылдық еттің тоннасы 20 мың тоннаға жуық. Жылдан жылға мал басының өсуі 110 пайызға жеткен. 10 пайызға артық өсіп отырады. Малды өсіру ғана емес, саннан сапаға өту мақсаты бар. Бұл мақсатта жұмыстар жүргізіліп жатыр.»
Асыл тұқым санын көбейтіп, өнімділікті арттырғысы келетін шаруа қожалықтары «Игілік» және «Береке» сынды мемлекеттік бағдарламаларымен қолдауына жүгіне алады. «Игілік» шеңберінде 1 млрд теңгеге дейін несие берілсе, «Береке» арқылы 5 млрд теңге дейін қарыз алуға болады. Екеуінің де үстемеақысы – 6 пайыз, төлеу мерзімі 7 жыл. Тек ескеретін бір жайт бар. Сиыр бағамын десеңіз малды шетелдегі асыл тұқымды шаруашылықтардан әкелу қажет болады.
БЕЙБАРЫС ТҮЗЕЛБЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Бұл бағдарламалар арқылы шаруашылықтар асыл тұқымды мал сатып алуға, мал басын көбейтуге және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта 10 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 18,3 млрд. теңгеге шетелден 13 мың бас ірі қара және 1,5 мың бас ұсақ мал сатып алу үшін «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына құжаттарын жинақтауда. »
Облыста 71 мың басқа арналған 58 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 23 мыңнан астам мал басы бордақыланды. Жалпы аймақтағы ірі қара саны 644 мыңға жуықтады. Жалпы алғанда, облыстың мал шаруашылығы саласында өсім бар. Ендігі міндет – өндірістік қуатты арттырып, шаруаларды қаржылай қолдау және халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету.