Зияткерлік ойын
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ әлемнің алпыс еліне танылды. Алматы облысының спортшылары ойынның арнайы платформасын әзірледі. Бастама зияткерлік қабілетті дамытып, дәстүрлі спорт түрінің танылуына сеп. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия тарқатсын
Жоба авторлары Елдар Шаймағанбетов пен Әдемі Есеншораева. Олар республикалық жарыстарда топр жарған, кәсіби ойыншылар. 20 жасында спорт шебері атанған Елдар тоғызқұмалақты ойнау кез келген адамға қолжетімді әрі ыңғайлы болуы қажет дейді.
ЕЛДАР ШАЙМАҒАНБЕТОВ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СПОРТ ШЕБЕРІ
«2010 жылдары ойнап жүрген кезде ең алғаш тоғызқұмалақтың сайтын жасағам. Жасап, тоғызқұмалақ федерациясына бергем. Сол кезде бастап өзім айти саласындамын. Мақсат – көпшілікке мүмкіндік жасау. Яғни басқа адаммен ойнау, жии мен ойнау тегін болады. Иә ішінде сатылатын да жерлері болады. Мысалы қазір біз онлайн дүкенді қостық. «
Жобаға жаттықтырушылар өз әдістемесін енгізіп, спорт түріне қатысты кітаптарды да сата алады. Ал ойыншылар көрсеткішін зерделеп, виртуалды қарсыласпен бақ сынасады. Сондай-ақ бапкерлер бейнебайланыс арқылы шәкірттерімен жұмыс істейді.
НҰРБЕК ҚАБИЕВ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Ойнап көрдім бұл платформада. Жалпы өте жақсы. Болашағы үлкен. Артықшылықтары бар. Жаттықтырушылар өдерінің шәкірттеріне үйрете алатындай кабинеттер. Сосын жасанды интеллектпен ойнауға мүмкіндік бар. Және жии мен партияны талдауға болады.»
Тоғызқұмалақ - логика мен стратегиялық ойлау қабілетін дамытады. Қазір бұл ойынды алпыстан астам мемлекет біледі. Ұлттық ойынның цифрлық форматқа көшуі үлкен аудиторияның бір алаңға тоғысуына мүмкіндік жасап отыр. Осы арқылы жас ұрпақ қазақ халқының тарихына үңіліп, дәстүрлі мұраны туралы мол мағлұмат біле алады.