Құрылтай сайлауына әзірлік

Алматы облысында 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық белсенді жүріп жатыр. Саяси науқанда ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беру құқығын  қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді.  Осы орайда Аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы арнайы мониторингтік топ өңірдегі сайлау учаскелерін тексеруді бастады. Бүгін олар Қонаев қаласындағы №947 сайлау учаскесінің дайындығын көрді. 


Алматы облысында 683 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы өңірде  ерекше қажеттілігі бар 2122 сайлаушы тіркелген. 59 азамат Брайль қарпін қолданады. Арнайы құрылған мониторинг тобының құрамында  белсенді азаматтар сайлаудың талапқа сай өтуін қадағалайды. Олар  ғимаратқа кіріп-шығу қолайлығы мен учаскенің әзірлігін тексерді.


ҚАЙРАТ АЗЫРБАЙ
МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ 
«Осындай сайлау учаскелеріне бүгін міне келіп тексеріп жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бәрі қолайлы, қолжетімді. Жағдай бәрі жасалған,  пандусымыз бар, тактильная плиткамыз бар, информационный доскаларымыз бар. Бәрі қолжетімді, өте жақсы қарастырылған»

Қазіргі таңда ғимараттарды дауыс беру кабиналарымен, ақпараттық стендтер және қажетті техникамен жарақтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Кмиссия мүшелері сайлаушыларға шақырту қағаздарын жібере бастады. Азаматтардың уақытша болатын орындарындағы дайындық та ерекше бақылауда.

АЙДЫН БЕКСҰЛТАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
 «Сайлау комиссияларының маңызды міндеттерінің бірі-әрбір азаматтың сайлау құқығын толық қамтамасыз ету. Осыған байланысты ерекше қажеттілігі бар азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда: пандустардың болуы, арнайы дауыс беру кабиналары, тактильді бағыттағыштар, ақпараттық материалдардың қолжетімділігі, қажет болған жағдайда үйде дауыс беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын жетілдіру мақсатында «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары» тақырыбында бейнекурстан сайлау комиссияларының мүшелері толық өтіп серитификатталды»

Мониторингтік топ мүшелері өңірдегі өзге де сайлау учаскелерінің әзірлігін зерделеуді жалғастырады. Басты мақсат-23 тамыз күні әрбір азаматтың кедергісіз әрі тең жағдайда дауыс беруіне мүмкіндік жасау.

Сондай-ақ оқыңыз: