Құрылысшы – мәртебелі мамандық

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісі дәстүрлі түрде Құрылысшылар күні ретінде аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында сала үздіктері марапатталды. Жыл сайын облыста жаңа тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау және бизнес нысандары, өндіріс орындары мен жолдар пайдалануға берілуде. Бұл – құрылысшылардың кәсіби еңбегінің нақты нәтижесі. 


Алматы облысында құрылыс саласы қарқынды. Биыл өңірде жалпы құны 122 миллиард теңге болатын 106 нысанның құрылысы жоспарланған. Жеті айда 843 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау және жол инфрақұрылымында ірі жобалар жүзеге асуда. Жаңа мектептер ашылып, ауылдық жерлерде медициналық нысандар бой көтерді. Республикалық маңызы бар автожолдар жөнделіп, инженерлік инфрақұрылым дамып келеді.


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 
«Құрылысшылардың еңбегінің нәтижесі біздің өңірде де нақты жобалар арқылы көрініс тауып отыр. Алматы облысында құрылыс саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асып, жаңа әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылуда»

Белгілі инженер-энергетик, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Стахан Белғожаевтың есімі елге жақсы таныс.  Ол «Қапшағай» және «Мойнақ» су электр стансаларының «Бартоғай» су қоймасы мен «Үлкен Алматы каналы» сияқты стратегиялық маңызы зор нысандардың құрылысына қатысып, олардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуіне өз үлесін қосты.  Көп жылғы тәжірибесімен кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп жүрген Стахан Белғожаев құрылысшы мамандығын ерекше қадірлейді. 

СТАХАН БЕЛҒОЖАЕВ 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ
«Мына біздің облыста энергия аздау, жетпейді. Сондықтан оны әрқарай развивать етудің өзіне де қажетті энергия керек. Сондықтан міне крупнейший ең үлкен керемет жаңадан жасалып жатқан анау Алатау Ситиге бірдеңе алып келетін гидроэлектростанция жасайық деп отырмыз. Су электростанциясын жасайық деп отырмыз. Күн сәулесінен электр жасайық деп отырмыз. Соның барлығына жұмыс жасатып жатырмыз» 

Салтанатты шарада салада ұзақ жыл еңбек етіп, өңірдің құрылыс саласының дамуына үлес қосқан 15 азамат «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен және облыс әкімінің құрмет гарамоталырымен марапатталды.  

БЕРІК БЕЛТАЕВ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ САРАПШЫСЫ
«..Мен өзім жалпы Алатау қаласы су құбырында техникалық бақылауында жұмыс атқарамын 20 жылдан аса. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы құрылысшыларды құттықтап, марапат, төс белгілермен құттықтады. Сондықтан барлық құрылысшыларды құттықтаймын. Тек қана жақсылық болсын. Қазақстанымыз өркендей берсін»

Өңірде құрылыс сапасы қатаң қадағаланады. Биыл 149 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылып, заң талаптарын  бұзғандарға  қатысты тиісті шаралар қолданылды. Бұл бастамалар құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саладағы жауапкершілікті арттырады. 

Сондай-ақ оқыңыз: