Тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұйғыр ауданында ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді. Игі бастамаға ауданның 850-ге жуық тұрғыны белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. 21 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 40 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Жұмыстың сапалы әрі тиімді атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында 19 арнайы техника жұмылдырылды.  Осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде елді мекендердің санитарлық тазалығы жақсарып келеді. 


НҰРТАС ХАСЕНОВ 
ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
« ...тұрғындарға жеке тұрғын үйлері мен коммерциялық нысандарының айналасын таза ұстау жөнінде түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілуде. Санитарлық талаптарды өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда аудандық полиция бөлімімен бірлескен рейдтер өткізіліп, заң талаптарына сәйкес ресми ескертулер берілуде»

Сондай-ақ оқыңыз: