Алматы облысында кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігі мәселеге айналып отыр
Алматы облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсау бойынша 2 факті тіркелді. Оған қоса жыныстық сипаттағы 17 құқық бұзушылық анықталды. Ал балаларды түнде қараусыз қалдырған 482 жағдайға байланысты, мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл деректер Іле ауданында өткен басқосуда айтылды. Жиында Байкент ауылындағы қайғылы оқиғаға баса назар аударылды. Естеріңізге салсақ, оқушы осы ауылдағы құс фабрикасының аумағындағы кәрізге түсіп қаза тапқан. Кеңеске қатысушылар бала қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез-келген жағдайдың алдын алуда, жауапты мекемелердің айрықша сақтық танытуын қатаң талап етті. Ал «Бала құқықтарын қорғау» басқармасы мамандары осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға арналған жол картасын таныстырды.
ДӘУЛЕТ ШАЙТҰРСЫН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
“ Жалпы жаз кезінде балалардың демалыс ошақтарында суға бату фактілері жиілеп кетті. Қараусыз қалған аймақтарда септиктерге түсіп кетті. Солардың алдын алып келешекте жол бермеу мақсатында көптеген ұсыныстар талқыланды” .