Алматы облысында цифрлық шығармашылықты дамытуға арналған байқау жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға және цифрлық шығармашылықты дамытуға арналған байқау жеңімпаздары марапатталды. Қонаев қаласында өткен салтанатты шарада үздіктерге  арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. «Ұмтылыс» жобасы ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауды көздесе, «Digital Pro» байқауы жастардың жасанды интеллект мүмкіндіктерін игеруіне жол ашты.Бүгінде өңірде 400 мыңнан астам жас тұрады. Олардың бойында заманауи дағдылар мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – басты мақсат. Қатысушылар адалдық, экология, заң мен тәртіп сияқты өзекті тақырыптарды креативті бейнероликтер арқылы шебер жеткізген. Жалпы  сайысқа 60-тан астам өтінім түсіп, ең озық бастамалар қолдау тапты.

АЙЯ САЙЛАУБЕКОВА
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ 
«Менің тақырыбым «Адал ұрпақ» болды. Яғни сыбайлас жемқорлықпен қоса адамның адалдығы, адал азаматтың тек ол сыбайлас жемқорлықпен ғана тоқталмай, күнделікті біздің іс-әрекетімізден басталатыны жайлы жоба жасаған болатынмын. Бүгінгі сайыста бірінші орын алып отырмын және өте керемет әсердемін. Барлық қатысушыларды құттықтаймын».

Сондай-ақ оқыңыз: