Жастар күніне орай Алматы облысының әкімі Талғар ауданының логистикалық орталығына іссапармен барды
Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы логистика орталығына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорында 170-ке жуық адам еңбек етеді. Оның жартысынан көбі – жастар. Алдағы уақытта өңірдің 100 белсенді азаматын еңбекке тарту көзделген. Осыған орай облысы әкімдігі мен компания арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Алматы облысындағы жастарыдың дамуы мен жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөлінген. Логистикалық орталықтың жұмысымен танысқан аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев жастарды құттықтады. Алдағы уақытта оларға ұсынылатын мүмкіндіктерді атап өтті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«1 млн 600 мыңнан астам халық тұрады Алматы облысында. Әрине жастар саны мұнда көп. 432 мың жас тұрады. Ол жалпы тұрғындардың 28 пайызы. СКЛ. Мемлекеттік бағдарламалар бір бөлек, біз мынау өзіміздің мектеп түлектерін сыртқа оқуға шығару жұмысын жастадық үш жыл болды, соны қолға алдық. 57 түлегіміз Қытайда оқып жатса, биыл қыркүйекте 65 баланы жіберейін деп жатырмыз.»
Іс-шарада кәсіпорын мен Алматы облысының Жастар саясаты басқармасы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл келісім бойынша, жүз талапты жас маман тұрақты жұмысқа орналасуы қажет. Олар еңбекке араласып қана қоймай, өндірісте тәжірибе жинап, кәсіби біліктілігін шыңдай алады.
МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Өмірдің әртүрлі жағдайларына байланысты оқыға түсе алмай қалған, оқуын аяқтай алмай қалған жастар, сонымен қатар жұмыссыз жүрген жастарды осы компания біздің жолдамалар арқылы жұмысқа қабылдауға дайын екекнін көрсетіп отыр. Жастардың жұмыс жасауына Алматыдан, үлкен қалалардан, облыс орталығы, шалғайда орналасқанына қарамастан барлық жағдай жасалған. Ол жатақхана болсын, төрт мезгіл тамақтану мәселесі болсын. Ол бос уақытын тиімді өткізу мәселесі болсын.»
Қазір мұнда сан-түрлі өнім шығарылады. Болашақта өндіріс ауқымы кеңейіп, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл өңір жастарының тұрақты жұмысқа орналасуына, тәжірибе жинап, өз мамандығы бойынша шыңдалуына көмек.
ҚОНАҚБАЙ ҚҰРБАНОВ
ЖҰМЫСШЫ
«Алматы облысында тұрамыз. Чемолған. Балаларым да сонда істейді. Семьямнан алты адам істейміз. СКЛ.Жұмысқа барып келу осы жерде ыңғайлы. Жатамыз жатақханада. Үш мезгіл тамағымыз бар. Барлық условиясы жасалған.»
Шара барысында кәсіпорынның үздік қызметкерлері мен өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген жас мамандар марапатталды. Сондай-ақ олар облыс әкімімен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кәсіпорын аумағындағы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.