Президент Тоқаев Ақордада қоғам қайраткерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елдің қоғамдық, мәдени және аграрлық салаларына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды табыстады.
Көрнекті суретші Бәтима Зәуірбекова «Отан» орденімен марапатталды. Ол отандық гобелен өнері мектебінің негізін қалап, қазақ әйелдері арасынан шыққан осы саладағы тұңғыш кәсіби маман. Ал әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбай I дәрежелі «Барыс» орденімен, мемлекет қайраткері Александр Судьин II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сондай ақ актер әрі театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. Президент оның көрерменге ұсынған қойылымдары мен жас таланттарды тәрбиелеудегі еңбегіне ризашылығын білдірді. Ал ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Президент марапат иелерінің ел мәдениеті дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласына қосқан үлесі мен еңбектері ұрпаққа үлгі екенін ерекше атады.