Қонаевта «Aсау-2026» әскери-патриоттық жобасының төртінші кезеңі аяқталды

Алатау қалысында  «Aсау-2026» әскери-патриоттық жобасының төртінші кезеңі аяқталды. Бұл жолы қатысушылар 66 да 54 әскери бөлімінде жиналып, арнайы кедергілер жолағында бақ сынады.

Осыған дейін үш кезеңді бап сынаған сарбаздар, кезекті сайысқа ерекше дайындықпен келген. Олар  арнайы кедергі жолынан қатесіз әрі белгіленген уақыт ішінде өтуі тиіс. Тапсырма халықаралық әскери бөлімшелердің жарыс форматына негізделген. 

ҚУАНЫШ ЗҰЛҚАШЕВ
ҚОНАЕВ ГАРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазіргі таңда бізде сол тоғыз қатысушы. Бізде ешқандай қатысушылар ойын, этаптар барысында шығып кетпейді. Қатысушылардың физикалық дайындығын, төзімділігін, жылдамдығы мен тез шешім қабылдау қасиеттерін тексеретін боламыз»

Қатысушылардың дайындығына бірнеше күн берілді.Білікті әскери мамандар өз сарбаздарын дайындап, кедергі жолағынан өту техникасын үйретті. Ал, сайыскерлер  қателіктерін саралап, тактикаларын шыңдай түсті.

АРЛАН АСХАТ
САРБАЗ
« Өткен кезеңдердің ең қиыны жүзу деп айта аламын. Жүзу қиын болды, дұрыс демала алмадым деп ойлаймын судың ішінде. Осы жолы сол жұмыспен жұмыс істедім. Осы кезеңде ол қателікті істемеймін.

Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздіктер анықталғанмен, сайыс жеңімпазы алдағы ақтық сында  белгілі болады. Енді сарбаздарды логикалық тапсырма, биіктен өту және мергендікті тексеретін шешуші кезең күтуде. 

Сондай-ақ оқыңыз: