Алматы облысының әкімі жұмыс сапарымен Талғар ауданына барып, әкімдердің еңбек нәтижесін саралады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барып, жергілікті әкімдердің жыл басынан бері атқарған еңбек нәтижесін саралады. Талғар қаласында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ал Бесқайнар ауылындағы «Ой-Қарағай» демалыс аймағын дамыту үшін  27 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Жиында елді мекендердегі жол, ауыз су және электр желілеріне қатысты мәселелер де талқыланды. Дегенмен барлық көрсеткіш оң бағаланған жоқ. Облыс әкімі бірқатар саладағы  жұмыс қарқыны төмен деп,  елді мекендердегі әлеуметтік  мәселелердің шешілуі созылып кеткенін сынға алды. Ауыл басшыларына  тұрғындар көтерген мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Халықпен жұмыс істеу, инвесторларды тарту ол бағытта шыны керек мынау Талғар ауданында бір ауылдың әкімдері белсенді жұмыс істегенін что то көрмедім қазір. Бір баяндамада біліп алатындай ештеңе жоқ. Мынандай жұмыс болмайды. Енді алыс аудан болса, потенциалы жоқ болса, инвестор жақтан қызығушылық жоқ болса онда бір жөн. Мында бәрі тиіп тұр ғой. Элементарный даже су үнемдеу технологиялары жоқ» .

Сондай-ақ оқыңыз: