Қонаев қаласында Орталық Азия елдерінің қатысуымен халықаралық тәжірибе алмасу жөнінде басқосу өтті
Ішкі көші-қонды реттеу және еңбек нарығын цифрландыру. Қонаев қаласында Орталық Азия елдерінің қатысуымен халықаралық тәжірибе алмасу жөнінде басқосу өтті. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген сала мамандары Қазақстанның ішкі миграцияны жүйелеу тәжірибесіне ерекше назар аударды.
Делегация өкілдеріне еңбек күшін өңірлер арасында тең бөлу механизмдері таныстырылды. Әсіресе, оңтүстіктен солтүстік аймақтарға қоныс аударушыларға берілетін көтерме жәрдемақы, баспана сертификаттары және жұмысқа орналастыру жүйесі сөз болды. Сондай-ақ қонақтар көші-қон процесін жеңілдеткен отандық цифрлық платформалардың жұмысына жоғары баға берді.
МЕЙІРІМ БЕКҚОЖАЕВА
ҚЫРҒЫЗСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Мониторинг деректеріне сүйенсек, өңірде ішкі қозғалыс легі жоғары. Өткен жылы 250 мыңнан астам тұрғын Алматы облыс ішінде және өзге өңірлерге қоныс аударған. Оның 68 мыңнан астамы баспана жағдайын жақсартуды көздеген. Осы орайда мобильді орталықтар еңбек ресурстарын сұранысқа ие салаларға бағыттайды. Сонымен қатар көршілес елдердің тәжірибесін зерделейді. Әсіресе жұмыссыздықты азайту және халықты жұмыспен қамту бағытындағы тиімді әдістерге назар аударады.
АБЗАЛ НҰСҚАБАЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
« Бізге де басқа елдің осы жұмыспен, азаматтарды, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуы бізге де қызық. Сол себепті біз өзімізге шақырдық, олармен пікір алмастық. Кеше Алматы қаласында болдық біз, сол жаққа барып, ол жақта да осы үлкен талқылаулар болды, үлкен әңгімелер болды, тәжірибе алмасу болды
Орталық Азия елдерінің өкілдері Қазақстанның ішкі миграцияны цифрлық бақылау мен ынталандыру тәсілдерін ортақ стандарт ретінде енгізуге мүдделі. Тараптар алдағы уақытта да кадр алмасу мен өзара әріптестікті нығайтуға келісті.