Шоғансай демалыс аймағында жастардың қатысуымен «Таза мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Райымбек ауданы, Шоғансай демалыс аймағында жастардың қатысуымен «Таза мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Осындай игі шаралар арқылы жас буын туған өлкенің табиғатын таза ұстап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінеді.

Шоғансай жайлауы – табиғаты көркем, саф ауасы мен әсем көрінісі жанға ерекше тыныштық сыйлайтын ғажайып мекен. Туған өлкенің осындай табиғи байлығын көздің қарашығындай сақтап,  табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршамызға ортақ міндет дейді белсенді жастар. Олар демалыс аймағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. 

ДИДАР НҰРБОЛҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл шарада спорт саласындағы жастарымыз және де спорт мерекесіне орай ұйымдастырған шарада эстафеталық ойындар ұйымдастырылып жатыр. Скл ӘрІ жастар біздің еліміздің болашағы. Біздің ауданымызда 7 853 жас бар. Әр жас әр шараға белсене атсалысып қатысуда. Біз жастарға сенеміз. Жастар біздің елдің болашағымыз»

Аудан жастары бұқаралық спортқа бейім. Іс-шарада олар қызықты эстафеталық бәсеке өткізді. Командалық сайыстарда ептіліктерін сынап, ұйымшылдық пен спорттық рухтың үлгісін көрсетті.

ЖАНСЕРІК БАҚСҰЛТАН
ЖАС МАМАН
“ ... Халықаралық жастар күніне орай ауданымызда біз қандай да бір шара болсын өзіміз жастар болғаннан кейін шараға белсене атсалысамыз. СКЛ Таза Қазақстан акциясы бойынша осындай жастар орталығы болып,осындай таза қазақстанды қолдап,артынан ошақтарды жинап кетіп қандай да 1 шара болсын біз белсене атсалысуға тырысамыз

Іс-шарада  белсенділік танытып, эстафеталық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды. Табиғатты қорғау мен бұқаралық спортты қатар қамтыған осындай іс-шаралар жастардың бойында белсенді өмір салтын қалыптастастырады. 

Сондай-ақ оқыңыз: