Балқаш ауданында орманшылар саланы дамыту үшін цифрлық технологияны қолдана бастады

Орманның жауы – өрт! Балқаш ауданында сала мамандары цифрлық технологияның озық үлгілерін кең дала аумағында еркін қолдана бастады. Қазір өңірдегі жеті елде мекенге  бейнебақылау жүйелері қойылған.

Бақанас орманшаруашылығының жалпы жер аумағы 1 милион 218 мың гегтар болса, соның 753 мың гектары орманды алқап. Сала мамандары әсіресе көктем мен күз айларында кірпік қақпай сайын даланы қызыл жалыннан күзетеді. Президент тапсырмасына сай орманшылар биыл озық цифрлық технологияның игілігін көріп бастады. Яғни, Қарой, Қоскүмбез, Көкжиде, Ақкөл, Бақанас, Бақбақты мен  Миялының ең биік нүктелеріне жеті жерден бейне бақылау қондырғысы қойылды. Жалпы құны 44 милион теңге болатын құрылғының әр қайсысы 175 мың гектарлық шеңберлі аумақты тәулік бойы анық көрсетеді.     

АҚЖОЛ БЕЙБІТҰЛЫ 
ОРМАН ҚОРҒАУ БАС ИНЖЕНЕРІ
«бізге тиімділігі өрт шыға қалса дәл уақтында дер кезінде анықтай аламыз. Бұл камералар дыбыстық белгілермен бізге хабар береді. Әр камераның айналу уақты 8 минут. Сонда ол айналасындағы шыққан түтінді түтінге ұқсас белгілерді анықтап хабар береді. Біз сол арқылы жедел түрде өрт болып жатқан аумаққа шыға аламыз

Орман сақшылары үшін өртті дер кезінде анықтап, оған жедел әрекет ету маңызды. Бұл ретте қажетті техника мен адам күші толық дайындықта болуы тиіс. Қазір мекемеде 114 жалпы маман жұмыс істейді. Адам күші жетерлік.  Ал техникалық база да жылдан жылға жаңарып келеді. 

МҰРАТ НҰРМҰҚАНБЕТОВ 
БАҚАНАС ОРМАНШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Ең алғаш 2000 жылдары жұмысқа кіргенде бұл жерде тек бір ғана өрт сөндіру машинасы болған. Бүкіл бақанас лесқозына. Қазір екі поджарни автомашина, бір трактор соқасымен тұр. Және былтырғы алынған ЖАК МЛПК дейміз ол бар. Ал биыл облыс әкімнің қолдауымен  бір паджанри автомашина 64 милионға, 44 милионға екі трактор 12-21, және мына ЖАК автокөлігі алынды./

МҰРАТ ҚОЖАБЕКОВ
ОРМАН ӨРТІН СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бұл АЦ-3 дегеніміз автоцестрналы 3 дегеніміз 3 тонналық. Бұрынғы техникаларға қарағанда артықшылығы бәрі электронды, механикадан көп жеңіл. Тез қимылға қолайлы. Суды жеңіл шашады. Екі мостылы, қозғалысқа да ыңғайлы. Жеке құрам үшін де бар жағдайы бар. Кондисанері бар, қысқа пеші бар. Саймандары түгел. Соңғы үлгіде»

Ал «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 2027 жылға дейін орман қорын молайту мақсатындағы ауқымды жұмыс атқарылады. Биыл 1800 гектарға қара сексеуіл тұқымын себу жоспарланған.  Жыл басынан мекемеге тиесілі аумақта 7 мәрте өрт тұтанып, тілсіз жау  орман сақшыларының жедел қимылы нәтижесінде жедел сөндірілді.     

Сондай-ақ оқыңыз: