Ұстаздардың тамыз кеңесі аясында Еңбекшіқазақ ауданында білім беру саласының бағыттары талқыланды

Ұстаздардың тамыз кеңесі аясында Еңбекшіқазақ ауданында білім беру саласының басым бағыттары талқыланды. Панельдік сессиялар «Конституциялық құндылықтар: Кәсібилік, сапа, нәтиже» тақырыбында өтті.  Облыс ұстаздары цифрландыру үдерісі жайында тәжірибе алмасып,  жаңа технологияларды білім беру ісінде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Мұғалімдер жасанды интеллект көмегімен сабақ кестесін жасап, тапсырмаларды әзірлеу жолдарын көрсетті. Сондай ақ, қосымша білім беру мекемелеріне арналған жаңа әдістемелік нұсқаулық таныстырылды. Бұл құжат айналымын жүйлеуге арналған құрал. Жиында үлгілі ұстаздар марапатталды.  

СӘБИТ НҰРҒАЗЫҰЛЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Алғаш рет республика бойынша деп айтамыз Алматы облысы бойынша қосымша білім беру мекемелерінің әдістемелік нұсқаулығының тұсаукесері өтті. Нұсқаулықтың мақсаты ҚР  нормативтік құқықтық актілеріне сүйене отырып электронды құжат жүйесін бір жүйеге келтіру. Қазір көптеген облыстарда әр мекемеде құжаттар әрқалай. Басқарушы құжаттарын, оқу процессі құжаттары бір жүйеге келтіріп, облыс бойынша барлық аудандардағы білім бөлімдеріне тараттық»

БАҚЫТӘЛІ ДӘУЛЕТИЯР
ФИЗИКА ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
«Бүгінгі іс-шара өте қызықты өтті. Басқадан өзгешелігі біз жасанды интеллектпен вайб-кодингпен жұмыс жасадық. Келген ұстаздарымызға осы вайб-кодинг өте қызық болды. Арнайы платформалар жасалды осы вайб-кодинг арқылы. Оқушыларды бағалау және тапсырма алу сайты жасалды. Сол сайт арқылы вайб-кодингпен қалай жұмыс жасау керектігі көрсетілді.»

Сондай-ақ оқыңыз: