Облыс орталығында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы өтіп, шаһардың бірнеше аумағы ретке келтірілді
Облыс орталығында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы өтіп, шаһардың бірнеше аумағы ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары Қойшыманов көшесінің бойында, 2-ші шағын аудан мен №3 мектеп аумағында жүргізілді. Күл-қоқыс арнайы қаптарға жиналып, күресінге шығарылды. Осылайша қаланың санитарлық жағдайы мен көшелердің көркін айқындауға арналған жұмыс атқарылды.
АСҚАР ҚАЛЫБЕК
ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Біз әріптестерімізбен әр бейсенбі күні Таза Қазақстанға келіп тұрамыз. Біз қоқыс тазалаймыз, шөптерін жұламыз сондайға ат салысамыз. Енді ол біздің таза елде, таза қалада тұру бізге жақсы және артымыздан келе жатқан ұрпақтарымызға үлгі»