Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп - қауіпсіз балалық шақтың кепілі» атты әскери-спорттық ойын өтті

Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп - қауіпсіз балалық шақтың кепілі» атты әскери-спорттық ойын өтті. Сайысқа елдің әр өңірінен келген 300 ге жуық  бала қатысты.Оқушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сынға түсіп, қауіпсіздік ережелерін үйренді.

Сайысқа қатысушылар  қару қолдану,  арнайы кедергілерден өту мен қорғаныс киімін киюден сынға түсті. Арқан тартысып, мергендік танытты. Әр кезеңде оқушылар жылдамдық мен шыдамдылығын байқатты. Ойын барысында арнайы жедел әрекет ету жасағының сарбаздары мен кинология қызметкерлері де өз шеберліктерін көрсетті. 

БОТАГӨЗ ЖАЛЕКЕШЕВА
ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
«Бұл жерде тек қана полиция қызметкерлері емес, медбике саласының, прокуратура қызметкерлерінің, Төтенше жағдай қызметкерлерінің мамандары бекітілген және бала құқықтарының өкілдері міндетті түрде медбике қызметкерлері және полиция қызметкерлері әр команданың жанында болады. Және олармен бірге сол полиция қызметкерлері жарысқа қатысады»

Орталықта елдің әр аймағынан келген оқушылар демалуда. Әділқазылар алқасы озық шыққан командалар мен үздіктерді  Ішкі істер министрлігінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

ДИАС САЙЛАУ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
« біз өзіміздің тобымызбен автомат шашып-құрауды, автомат жинауды, автоматтың әрбір орындарын, типтерін білдік. Және біздің топ арқанға міну, тағы тир атудан бәріне дайындықпен, жақсы дайындалып келдік»

Әскери-спорттық жарыстар оқушыларды шыңдайды дейді  ұйымдастырушылар. Алдағы уақытта осындай игі шаралар еліміздің басқа өңірлерінде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: