Білім сапасы артты
Алматы облысындағы 5 мектеп еліміздің үздік 100 мектебі қатарына енді. Өткен оқу жылында пәндік олипиадаларға 541 оқушы қатысып, 303 білім озаты жүлдегер атанды. Ал облыс түлектері ҰБТ дан екі жыл қатарынан ең жоғарғы 140 балл жинады. Үшауысымды мектеп санын азайту жұмысы қарқынды жүріп, соңғы 4 жылда өңірде 75 жаңа мектеп ашылды. Сондай ақ жастарына қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебіне 239 грант берілді. Білім саласын цифрландыру және жасанды интеллект платформаларын пайдалану белсенді жүріп жатыр. Өңірде дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы да бастау алды. Биыл Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 63 мыңнан астам оқушыға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа 3 миллиард 200 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.