Талап пен міндет
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл әкімдерінің жыл басынан бері атқарған жұмыс есебін тыңдады. Жиында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы талқыланды. Ауданда инвестиция тарту жоспары толық орындалмаған. Сондай-ақ су үнемдеу жүйелерін орнату бойынша көрсеткіштер де төмен. Кейбір ауылдық округтерде бұл бағыттағы жұмыстар мүлде жүргізілмеген немесе нәтижесі көңіл көншітпейді. Оның қатарында Сөгеті, Бәйдібек би, Рахат және өзге де ауылдар бар. Аймақ басшысы мемлекет тарапынан бөлінетін 80 пайыздық субсидияны тиімді пайдаланып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әкімдерден нақты нәтиже талап етіліп, жұмысында ілгерілеу болмаған жағдайда қатаң шара қолданылатынын ескертті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Ұйғыр ауданы, Жамбыл ауданына қарасаңыздар бұрынғы жайылымды жерлерді соны ұңғыма қазып, мыңдаған гектарға су үнемдеу технологиясын қолданып жатыр. Сіздерде дайын тұрған, ағып тұрған суды соның өзін үнемдеп жасай алмайсыздар.бұл қалай болғаны? Сараптап, тиісті шешмдерді маған баяндаңыз. Кімге выговор береміз, кімді жұмыстан босатамыз.»