Жылу жүйесі
Қонаев қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Облыс орталығындағы жылыту құбырларының 80 пайызы тозды. Сондықтан оларды ауыстыру қажет. Жұмыс екі негізгі учаскеде жүргізіледі. Біріншісі – қазандықтан Абай көшесіне дейінгі 2 шақырымға жуық магистрль. Екіншісі - Сеифуллин мен Қонаев көшесі асындағы 500 метрлік құбыр жаңартылады. Мамандардың айтуынша, бұл магистральдар қаланың жылумен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқарады. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
МАДИЯР ЗӘКЕРОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Жылу беру маусымы басталғанға дейінгі уақыт өте тығыз. Бар күшті осы іске жұмылдырдық. Ыстық су уақытша өшірілді. Бұған тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұраймыз. Жылу жүйесін жаңарту жұмысы толық аяқталған соң, яғни, алдағы бір жарым-екі айда ыстық су қайта беріледі»