Дәрі бағасы

Елімізде  589 дәрі-дәрмекттің  бөлшек саудадағы бағасы төмендеді Енді мемлекет тек рецептпен берілетін  3 039 дәрілік препараттың бағасын қатаң бақылауда ұстайды. Ал 4 918 препарат бұл тізімнен шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз өтетін және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын дәрілер бар. Сондай-ақ жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары мен асқазан-ішек жолдарын емдеуге арналған кең таралған дәрілердің бағасы арзандады. Тұрғындар дәрілік заттардың бағасын «Naqty Onim» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Онда өндіруші мен дистрибьютор, сатылатын дәріхана және бекітілген шекті баға туралы толық мәлімет бар.


АЛТЫН ӘКІМҒАЛИ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ  
Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.

Сондай-ақ оқыңыз: