Іле ауданында көлік-логистикалық орталық іске қосылды
Іле ауданында көлік-логистикалық орталық іске қосылды. Заманауи кешен Алматы облысындағы жүк тасымалының әлеуетін арттырып, логистиканы дамытады. Әрі көрші елдермен тауар-айналымы көлемін көбейтуге септеседі.
Алып мегаполис іргесінде орналасқан Алматы облысы өнеркәсібі мен логистика саласын дамытуда да зор әлеуетке ие. Жаң кешенде жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу және тасымалдау қызметі атқарылады. Ал биылдың өзінде облыста 112 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 36-сы іске қосылып үлгерді. Ал қалған 76 жоба жыл соңына дейін өз жұмысын бастайды. Бұл жобалардың басым бөлігі жүк тасымалына, қойма шаруашылығына және экспорт пен импортты жүзеге асыруға бағытталған.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«...Мемлекет басшысы үнемі айтып келеді. Логистика саласын дамыту керек деп. Біз евразияның ортасында тұрған соң бізге ешқандай теңіз мұқит керек емемс. Бәрі біз арқылы өтеді. Сондықтан бұл жағында біздің әлеуетіміз өте мықты».
Мұнда 26 гектардан астам аумақта теміржол, контейнерлер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру орындары орналасқан. Жылына 100 мың контейнер жүкті өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал жобаға жалпы 28 млрд. теңге инвестиция тартылды.
ҚАНАТ КӨПБАЕВ
«KUSTO GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
«Ең бірінші мақсат Қазақстан мен Қытай арасындағы сондай ақ орта азия аумағындағы транзитті қолдау. Көтеру. Осы терминалда 3 жарым мың контенер сақтай аламыз. Тағы бір терминал салып жатырмыз. Біздің ойымыз бір милион тоннаға дейін бидай ұн өнімдерін жібереміз деп отырмыз»
Бұл күні алғашқы контейнерлік пойыз да сапарға шықты. Орталықта арнайы кран орнатылған. Ол сағатына 25 контейнер қабылдай алады. Айына 111 мың тоннадан астам жүк өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда кешенде астық терминалының құрылысы басталған. Бұл жұмыстар аяқталған соң 14 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сақтауға мүмкіндік туады.