Боралдай кентіндегі өндірістік аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді
Боралдай кентіндегі өндірістік аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шараға 700-ге жуық адам қатысты. Тазалық жұмыстары бір күндік шарамен шектелмей, тұрақты сипат алып келеді. Бастама аясында тұрғындар мен ірі кәсіпорын өкілдері белсенділік танытып, өзге елді мекендерде де тазалық эстафетасын жалғастыруда. Саябақтар мен тазалықты қажет ететін көшелер мен аулалар абаттандырылады. Елді мекендегі тазалық мәселесі үнемі назарда болғандықтан, тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау жөнінде қатаң ескерту жасалды.
МҰХАМЕДҒӘРІП НИЯЗҰЛЫ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
“Қазіргі күні әр аптаны, әр бір бағытқа бөліп тастадық. Бүгінгі жиналып отырғанымыз Боралдай өндірістік аймағында. Бұл жерде 603 гектарлық үлкен өндірістік аймақ, бұл жерде 92 негізі участок қарастырылған оның ішінде қазіргі күні 36-сы жұмыс істеп жатыр, соның ішінде 6000 мыңдай қызметкерлер жұмыс істейді соның ішінде бүгінгі акциямызға 700-дей адам ат салысып өзінің төңірегін, өзінің аймағын, өзінің ауласын, өзінің өндірістік орынын тазалап бүгінгі бейсенбілікке ат салысып жатыр”