Бүгін Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық пен балалардың қауіпсіздік мәселесі талқыланды
Бүгін Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық пен балалардың қауіпсіздік мәселесі талқыланды.
Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін күшейтіп, білім беру нысандарының өртке және терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жыл соңына дейін барлық мектептегі бейнебақылау камераларын Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына қосу міндеттелді. Жаңа оқу жылында елімізде 47 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал 1-ші қыркүйекте Алматы облысында 385 мыңға жуық оқушы мектепке барады. Облыс әкімі Марат Сұлтангазиевтің айтуынша, жоспарланған 12 мектептің 10-ы жөнделді. Сондай-ақ 185 мың оқушыны ыстық тамақпен қамтуға 17 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік осал санаттағы 63 мың балаға 3 млрд. 200 млн. теңге қарастырылған.