Іле ауданында мемлекеттік қызметкерлер белсенді жастармен кездесті

Іле ауданында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері белсенді жастармен кездесіп, пікір алмасты.

Кездесуде жастарға жұмысқа орналасу, интернет алаяқтардан сақтану және жемқорлықтың алдын алу туралы маңызды мәлімет берілді. Сонымен қатар адалдық пен  заңды құрметтеу жайы сөз болды.Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген бірқатар жас марапатталды. Мамандардың айтуынша, осындай ашық диалог арқылы жастар өз құқықтарын біліп, азаматтық жауапкерошілік мәніні түсінеді. 

НҰРСҰЛТАН СЕЙДАЛИЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Жоғары оқу орнын бітірген түлектеріміз ақылы болсын, грантта оқысын қарамаймыз осы жылдың бірінші шілдесінен бастап біздің жаңа заң аясында аудандық, ауылдық округ әкімдіктерге, орталық аппараттың аудандық басқармаларына ешқандай тест тапсырмай тиісті құжаттарын жинақтап, мемлекеттік мекемеден қай жерге жұмысқа тұрғысы келетінін бізге жолдаса келісе отырып біз тағайындаймыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: