Жыл басынан бері Алматы облысында 180 мыңға жуық тұрғын онкологиялық скринингтен өтті
Жыл басынан бері Алматы облысында 180 мыңға жуық тұрғын онкологиялық скринингтен өтті. Тексеріс нәтижесінде 20 адамнан жатыр мойны обыры, 64 әйелден сүт безі қатерлі ісігі және 13 тұрғыннан тоқ ішек пен тік ішек обыры анықталған. Қатерлі ісікті дер кезінде анықтау емді уақытында бастауға және аурудың асқынуын алдын алуға септеседі» дейді мамамандар. Дегенмен, өкпе обыры әлі де жиі кездесетін дерттің бірі. Дәрігерлер тұрғындарды тексерістен уақытылы өтіп, денсаулығына бейжай қарамауға шақырады.
ДӘУЛЕТ АЙДАРОВ
ДӘРІГЕР-ОНКОЛОГ
«Жыл көлемінде статистикаға көз жүгіртсек, төрт мыңға жуық адам осы қатерлі дертке шалдығады екен» СКЛ Өкпе обырына алып келетін фактор ол бір ғана жүйеге байланысты емес. Бұл жерде көптеген факторлардың әсері бар. Ол жеген тамағы, қоршаған орта айналамыз, сыртқы және ішкі эндогендік фактордың әсері деп айтсақ болады. Нақты бір себепке байланысты өкпе обырының кездесу жиілігі көрсетілетін болса, барлығы сол дерттен айналып өтуге тырысатын еді»