Алматы облысындағы ең үлгілі ауылда қандай өзгерістер бар?

Жамбыл ауданы,  Ақтерек ауылында игі бастама көбейіп келеді. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспаналы болып жатыр. Оған ауылдың өркендеуіне үлес қосып жүрген ел ағалары мұрындық. Бұдан бөлек, биыл ауылда жаңа амбулатория ашылып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет  түрі кеңейді.

Ершат Тілеуқұл – төрт баланың әкесі. Ол мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Ал бұл шаңырақ кәсіпкер Темірлан Шәйнүсіповтың қолдауымен бой көтерді. Үш бөлмелі үйдің іргетасынан бастап, шатырын жабуға дейін демеушілік көрсеткен кәсіпкерге  Ершаттың айтар алғысы шексіз. Жалпы Темірлан Шайнүсіповтың  қолдауымен ауылда 160-тан астам үй бой көтерген. Соның арқасында соғыс ардагерлері, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың үй-жәйі бар. 

ЕРШАТ ТІЛЕУҚҰЛ 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Жастарды қолдап, болашақ жастардыкы деп үй салып беріп жатыр. Газ кіріп жатыр, су келіп тұр. Сол ауылымыз көркейіп жатып. Жаңадан үйлер салынып жатыр. СКЛ. Басынан бастап нөлден бастап салып беріп жатыр. Тоқсан процентіне дейін бітіріп беріп жатыр. Алғысымыз шексіз. Бұл ағамыздың дені сау болсын. Отбасы аман болсын.» 

Бұдан бөлек биыл Ақтерек ауылында жаңа амбулатория қолданысқа берілді. Төрт мыңнан аса тұрғыны бар ауылда осыған дейін ескі медициналық ғимарат болған. Енді ем қабылдаушылар кезекте тұрмай, жүкті әйелдер ауданға бармай-ақ қажетті көмекті осында  алады. 


РИММА СӘДУАҚАСОВА 
АМБУЛАТОРИЯ МЕҢГЕРУШІСІ 
 «Бұл жаңа амбулаторияда біздің дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмесі бар. Дәрігер бөлмесі бар және аға мейірбике мен амбулатория меңгерушісінің жеке кабинеттері бар. Лфк кабинеті, физиолечение кабинеті , күндізгі ем қабылдау кабинеттері бар. Сонымен қатар ем шара кабинеттері, акушер гинеколог, жүкті әйелдерді қабылдайтын кабинеттері орналасқан.» 


Халықты жұмыспен қамту мәселесі де жүйелі шешіліп келеді.  Ескі ғимарат өрт сөндіру бекетіне жарап, төрт адам жұмысқа тұрды. Ауылшаруашылығы саласы дамып келеді. Егістік пен шабындығы мол, жайылымы кең  Ақтеректің шаруалары  мал басын  асылдандырып жатыр. 


ҒАНИ ШОРТАНБАЕВ
АҚТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«Қазіргі таңда малымыз жайлауда, малымыз өсіп келе жатыр. Ірі қара 5100 бас, ұсақ малдар  73 мың, жылқы 3000 нан астам, 54 түйеміз бар. Жазында жайлауға, қысында қыстауға өзінде бөлініске берілген жерлері бар. СКЛ. Он мың бір жүз егістігіміз бар. Үш мыңнан астам шабындығымыз бар.» 

Ауылдағы балабақша да кәсіпкерлердің көмегімен жанданған. Қазір мекемеде  75 бүлдіршін тәрбиеленеді. Сондай-ақ, елді-мекенге табиғи газ құбырына жетті.  Ал округке  қарасты Арқарлы ауылында  газдандыру жұмысы жүріп жатыр.  

Сондай-ақ оқыңыз: