Заң қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстарды баяндады

Жыл басынан бері облыс көлемінде 868 мыңнан астам атқарушылық іс болып, одан 105 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілген. Бұл туралы Әділет департаменті хабарлады. Баспасөз мәслихатында адвокаттар, нотариустар мен сот орындаушылары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Нотариат саласында заң бұзушылықтар азайып, дауларды сотқа жеткізбей шешу амалдары өскен. Бұл азаматтардың заң аясындағы сауаттылығының жоғарылауы дейді мамандар. Сондай ақ жиында алимент өндіру мәселесі кеңінен сөз болды. Өңірде 20 мыңнан астам алименттік іс тіркелсе, биыл 1 миллиард теңгеден астам қарыз өндірілген. Сонымен қатар, алимент бойынша борышкерлерге қатысты заңнамалық талаптар мен оларды жауапқа тарту тетіктері толық цифрлық форматқа көшкен. Бұрын жеке сот орындаушы хаттама толтыру үшін борышкерді іздеп тауып, соңынан жүруге мәжбүр болса, қазір бұл процесс толық автоматтандырылған.

ЖАҚСЫЛЫҚ БЕДЕЛБЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
« Қазіргі таңда өзгеріске сай біздің жеке сот орындаушылар жаңағыдай әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмысы біздің АИС ОИП базасымен мемлекеттік сот орындаушыға жіберетін болады. Мемлекеттік сот орындаушы ары қарай жұмысын атқарып, протоколын шығарып, сотқа жіберетін болады. Сот отырысында жаңағы борышкерді өзі шақырады, жаңағыдай сот отырысына. Ары қарай кінәлі деп танылса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жұмыстар болады.

Сондай-ақ оқыңыз: