Қонаевта «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 16 аумақты абаттандыру жұмысы басталды
Қонаевта «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 16 аумақты абаттандыру жұмысы басталды. Жалпы қалалықтардың белсенділігі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 15 жоба іске асты. Биыл тұрғындар ұсынысын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді. Қазір 1- ықшам аудандағы №8 тұрғын үйдің іші, сондай-ақ 2, 8 және 10- аудандардағы ойын алаңдары ретке келтірілуде. Балалар алаңын, аллея мен шағын демалыс орындарын салып жатыр мердігерлер «барлық жұмысты бір айдың ішінде аяқтаймыз дейді.
ДАРХАН БАТЫРША
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Қонаев қаласы әкімдігінің сайтының ішінде бөлігі бар «Халық қатысатын бюджет» деген. Сол жерде өздерінің жобаларын тұрғындар ұсынады. Сол тұрғындар ұсынған жобаларға басқа да тұрғындар және де жалпы қаламыздың тұрғындары дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған жобалар іске асырылады».