Іле ауданындағы тәлімбақтың 12 гектар жерінде 60 мыңға жуық туя өсіріледі

21 тамыз – қылқан жапырақты сәндік өсімдік – туяның бейресми күні.

Бұтақты сәндік ағаш қала көшелері мен саябақтардың көркі. Іле ауданындағы тәлімбақтың 12 гектар жерінде  60 мыңға жуық туя өсіріледі. Көшеттердің сапасына ерекше мән беріліп,  суғарудың  заманауи жүйесі қолданылады. Жергілікті климатқа бейімделген туя көшеттері аптап ыстыққа төзімді. Кәсіпорын өнімі  Қырғызстан мен Өзбекстанға  экспортталады. Жыл сайын мұнда 20 мың туя көшеті ішкі нарыққа шығарылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: