Қонаевта өткен еңбек жәрмеңкесінде 26 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

Қонаевта өткен еңбек жәрмеңкесінде 26 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінде  өңірде жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Әсіресе құрылысшылар, дәнекерлеуші, инженерлер мен агро сала мамандары қажет. Сонымен қатар білім беру, медицина және төтенше жағдай  саласының қызметкерлеріне де сұраныс бар.

Жиынға қатысушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері кеңінен түсіндірілді. Мансап орталығының мамандары қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасы» бағдарламасы мен Enbek.kz порталын тиімді пайдалану жолдарын нақтылап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, талаптарды білді және түйіндемелерін қалдырды.

ДАРХАН ЕРДӘУЛЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Үлкен мекемелер келіп отыр. Оның общый барлық саны бізде 21 үлкен жұмыс берушілер келді бүгін. Оның барысында бізде 21 жұмыс берушінің ұсынған жұмыстары бір 150-ге бос жұмыс орындары ұсынылды. Қазіргі таңда оған қатысқан 200-дей азамат қатысты, Алматы облысының тұрғындары. Оның ішінде 70-іне жуық жастар. Жастардың ішінде бізде қазіргі таңда 10-ға жуық өздерінің жұмыстарын тапты, ұсынылды».

Мемлекеттік мекемелер де бос орын ұсынып отыр. Маман іздеп келгендердің бірі -Төтенше жағдайлар қызметі бөлімшелері. Өрт сөндіруші мен жүргізуші болып орналасу үшін орта білім де жеткілікті. Басты талап -үміткерлердің жас мөлшеріне байланысты.


МАҒЖАН МҰХАМЕТЖАН 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Алматы облысы бойынша бізде толығымен 131 жаңағы бос орындар бар. Қызығушылық танытып келіп жатқандар өте көп. Және бізде жүргізушілер, өрт сөндірушілер және де жаңағы құтқарушылар бар. Осындай мамандықтарға бізде жаңағы бос лауазымдар, орындар бар. СКЛ Негізі 35 жасқа дейін аламыз. Жүргізуші жаңағы жүргізуші куәлігі болу керек жүргізуші лауазымына орналасу үшін C категориясымен. Өрт сөндірушілерге жаңағы орта, жоғары білім болса болды»

Департамент өкілдері ниет білдірген үміткерлердің байланыс деректерін түртіп алды. Қыркүйек айында конкурс өтіп, сұрыпталғандар келесі кезеңге шақырылмақ. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар бұған дейін де талай жастың кәсіби жолын бастауға сеп болған. Солардың бірі -Іңкәр Тұрсынбай. Ол оқуын бітіре сала Жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналасты.

ІҢКӘР ТҰРСЫНБАЙ
ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
« Осы ортаға келгенімде мен қатты қорықтым, бірақ үйренісіп кеттім. Және де маған бұл үлкен мүмкіндік болды. Себебі мен оқуымды енді бітіріп келгеннен кейін маған жұмысқа тәжірибесіз кіру сәл қиын болды да. Және де мені жұмысыздар базасына тіркеп, мен үшін ең барлығын жасап берді десе де болатын шығар. СКЛ Біздің енді өте көп жобаларымыз болып жатыр қазір. Барлығын үлгеруге тырысып жатырмыз. Жастарды қолдау мақсатында, бізде жастарға саясатты насихаттау мақсатында өте көп үлкен іс-шараларымыз өтіп жатыр»

Мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табады. Толық ақпарат Еңбек мобильділігі орталығы мен аудандық мансап орталықтарының парақшаларында, сондай-ақ Enbek.kz порталында тұрақты түрде жарияланып тұрады. Тұрғындар сол арқылы сұраныстағы бос орындарды көріп, мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімет ала алады.

Сондай-ақ оқыңыз: