Қарасай ауданында 20 отбасы үйлі болды
Сондай-ақ, Қарасай ауданында 20 отбасы үйлі болып, шаттыққа кенелді. Бұл – талай жанның баспанаға деген арманын ақиқатқа айналдырған мемлекеттік қолдаудың жемісі. Жыл басынан бері ауданда жүзден астам жанұяға пәтер кілттері табысталды. Баспана – әр отбасының берекесі.Сондықтан тұрғындардың үйлі болуына жағдай жасау жұмысы әлі де жалғасады.
Баспана – әр отбасының арманы. Өз үйінің кілтін қолына алып, қоныстой қуанышын сезінуден асқан бақыт бар ма?! Гүлімжан Сағымбаева эпилепсиямен кішкентайынан күресіп келеді. Үй кезегінде тұрғалы тоғыз жылдан асты. Осы күнді асыға күткен отбасы қуанышын жасыра алмады.
ГҮЛМИРА БЕДЕЛБАЕВА
ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қызым екінші топ мүгедек. Көптен күтіп, осы бүгінгі күнде кілтін алдық қолымызға. СКЛ. Өте қуанышты болып, қобалжып не айтарымды білмей тұрмын. Тоғыз жыл күтіп, әйтеуір қолымыз жетті. Әр қазағымыз үйлі болсын. Өте қуанышытымыз. Ұнап жатыр үйлері.»
Жыл басынан бері Қарасай ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 300-ге жуық отбасы мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, жаңа пәтерге қол жеткізді. Әлеуметтік маңызы зор бұл жұмыс алда да жалғасын таппақ. Жоспарға сәйкес биыл 66 отбасы баспанамен қамтылады.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бүгінгі енді таратқан пәтерлеріміз Қарлығаш тұрғын үй кешенінде Қаскелеңде, одан басқа мынау Елтай ауылындағы сол жерде Елтай тұрғын үй кешенінде таратылды. Ауданымызда былтырғы жылдары 70-80 пәтер таратылып жатса, биыл едәуір одан көп болып жатыр. Оның бәрі мына экономиканың өсіп, жалпы бюджеттің артып жатқанының көрсеткіші.»
Ауданда тұрғын үй құрылысы кезең-кезеңімен аяқталып, жаңа баспаналардың қатары көбейіп келеді. Бұл үй кезегінде тұрған азаматтардың үйлі болуына берілетін мүмкіндікті арттырып отыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 290 пәтер әкімдік тарапына өтеді деген жоспар бар.