Көктерек ауылында үй кезегінде тұрған 24 отбасыға пәтер кілттері табысталды
Іле ауданы, Көктерек ауылында үй кезегінде тұрған 24 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Баспаналы болғандар арасында бұл күнді он жылдан аса күткен жандар да бар.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері Іле ауданында 156 пәтер жалға берілсе, 74 үй жеңілдетілген несие арқылы рәсімделді. Ал үй кезегінде көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар мен әлеуметтік осал топтағылар бар.
ИНДИРА МАҚСЫБАЕВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Жалдамалы үйлерде тұрып жүрдім иә осы уақытқа дейін. 2012 жылы үй кезегіне тұрдым. Осыдан бері міне 14 жыл болды. 14 жыл дегенде міне отбасы банктің 1414 тен сообщение келді. Сол кезде қуанышымда шек жооқ болды. Бар этаптардан өттім. Ерінбеңіздер. Өтіңіздер. Ізденіңіздер. Үй беріледі.»
Жалпы ауданда тұрғын үй кезегінде алты мың адам тұр. Олардың қатарында екі мыңнан астам көпбалалы отбасы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеті жүзге жуық бала бар.
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру барысында ауданымызда 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 156 арендалық үй және 144 кредиттік үй берілді. СКЛ. Шаңырақтарыңыз тек қана шаттыққа толып, үйдің ішінде балалардың сыңғырлы күлкісі естілсін. Баршаңызды жаңа қоныспен құттықтаймын.»
Ал жыл соңына дейін ауданда 200 жалдамалы пәтер және жеңілдетілген несиелік бағдарлама аясында 72 үй беру жоспарланып отыр.