Алатау қаласына қарасты, Заречный елді-мекенінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Алатау қаласына қарасты, Заречный елді-мекенінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындар  ауызбірлігі көпке үлгі. Олар өз үйлерінің айналасын тазалап, ауылдың ажарын кіргізді. Жалпы облыс аумағында өткен іс- шараға 24 мыңнан астам адам атсалысты.  Бір күнде 302 гектар аумақ күл-қоқыстан тазартылып, 545 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Жыл басынан бері облыста  614 мыңнан астам адамның қатысуымен 27 экологиялық шара өткен.  

ЖАНҒАЗЫ ЖАҢАБАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 
«Бүгінгі сенбілікте минекей жолдың жиектерін тазалату, өсіп кеткен шөптерді шабу және де осылай өзіміздің ауылымыздың көшелерін тазалығымыз жасалуда. Бұл сенбілік жыл басынан бері жалғасуда. Барлықтарыңызды осы бейсенбілікке белсенді түрде атсалысуға шақырамын».

Сондай-ақ оқыңыз: