Қарасай ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында құрал-жабдықтар табыстады

Қарасай ауданында мектеп табалдырығын аттағалы отырған 100 балаға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы табысталды. Аталған көмек «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асырылды. Биыл ауданда 17 500 оқушы әлеуметтік көмек алады деп жоспарланып отыр.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ата-аналар балаларын мектепке дайындап әлек. Әсіресе бірінші сынып оқушыларының әзірлігі ерекше. Қарасай ауданында  мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндер мен де ата-аналарына материалдық көмектен бөлек, психологиялық қолдаулар көрсетілді.

ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
« Білім алу үшін мектеп формасы мен қажетті құралдар жеткіліксіз. Одан бөлек бала психологиялық тұрғыдан дайын болу керек, ол мектепке бейімделген бала болу керек. Ата-аналарға да дәл сондай психологиялық көмек көрсеттік. Себебі баланы 1 сыныпқа дайындаудың ерекшеліктері өте көп.»

«Мектепке жол» акциясы аясында ауданда 4000 ға жуық оқушыға демеушілер қолдау көрсетеді.  Осы уақытқа дейін олардың 1 200 балаға оқу құралдары мен киім-кешек алынды.  Бұдан бөлек мемлекет тарапынан аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға «Жалпыға бірдей білім қоры»-нан қаржылай көмек көрсетілді. 

АЙМАН ӘЛІМБАЕВА
ЕЛТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Ең кішкентайым бірінші сыныпқа барады. Төрт бала бірдей мектепте оқиды. Бір баланың өзіне 100 мыңдай ақша кетеді. Қазір барлығы арзан емес ғой. Құрал жабдықтары бар, сумкалары бар, киімдері бар. Мысалы былтыр алған затымыз биылға жарамайды дегендей. Мектепке жол акциясы аясында биыл көмек алып жатырмыз көптен көп рақмет! Алғысымыз шексіз.»

Қарасай ауданында 62 мемлекеттік, 20 ға жуық жекеменшік мектеп бар. 1-қыркүйекте 106 мың оқушы мектепке барады.

Сондай-ақ оқыңыз: