Іле ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Іле ауданында еңбек  жәрмеңкесі өтті. Мұнда денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Ресми дерекке сәйкес Іле ауданында 4 000-нен астам адам жұмыссыз іздейді. Сондықтан «іздегенге - сұраған» болар мұндай жәрмеңкелердің  өткізу маңызды. Іс-шараға 200 ге тарта жұмыс іздеуші азамат қатысып, көкейдегі сауалдарына тиісті жауап алды.  

ПЕТР ЧЕРЕМУШКИН 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
«Жасым 50 де.  Бұл жаста  жұмыс табу оңай емес. Себебі жұмыс берушілердің көбі жасыңызға қарайды. Сондықтан кімде қандай жұмыс бар, нақты хабарландырып отыратын  осындай  жәрмеңкелер көбірек өтсе деймін. Осы шараның арқасында міне бүгін менде өзіме жұмыс таңдап алдым»

АЙЖАН СҮЛЕЙМЕНОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Менің биыл жасым 18 ге толды. Тотангенс арқылы ақпарат алып, оператор мамандығына ертең жұмысқа шыққалы тұрмын. Сол өзімнің мамандығым. Зарпылата жайлы артынан сөйлесетін болдық»

Жұмыс ұсынушы мекемелер мен кәсіпкерлерге алғашқы сағаттың өзінде 50 түйіндеме келіп түсті. Ал жұмыспен қамту орталығының басты көздегені де осы. 

НАЗКЕН ЖОМАРТҚЫЗЫ
“GOLD SERVICE” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Қазіргі таңда бізде 15 бос жұмыс орны бар. Атап айтқанда, бізге 3 ричтрак операторы, 5 вилкалы тиегіш операторы, қол жұмысшылары мен жалпы жұмысшылар, сондай-ақ 4 тапсырыс жинақтаушы қажет»

ҒАЛИЯ ЕСЕНКЕЛДІ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бұл – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тікелей қарым қатынас қарастырып, жолдама алып кетуге мүмкіндік жасап отырмыз. Мұнда біздің мамандарымыз да жұмыс істеп, адамдарға Enbek.kz порталы арқылы қалай жұмыс іздеу керектігін көрсетіп жатыр» 

Бұл күнгі бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 50 азамат көңіл толар жұмыс тауып, марқайып қайтты. Еңбек жәрмеңкесі ауданда ай сайын ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: