Елімізде электросамокат жүргізушілеріне қатысты талап күшейді
Елімізде электросамокат жүргізушілеріне қатысты талап күшейді. Жаңа ережеге сәйкес, 25-тамыздан бастап бұл көлік түрінің тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруіне толық тыйым салынады.
Енді электросамокат тізгіндеушілеріне тек осындай велосипед жолдары мен веложолақтарда ғана жүруіне рұқсат . Арнайы жол болмаған жағдайда Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жүріс бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен ғана жүре алады. Бірақ бұл үшін жүргізуші куәлігінің болуы шарт. Ал тәртіп бұзылған жағдайда азаматтарға 2 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады, бұл дегеніміз — 8 650 теңге.
Тәртіп бұзу фактісі қайталанса айыппұл көлемі арта береді. Мұнымен қоса, енді самокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өтуге және қараңғыда жарық қайтаратын элементсіз жүруге болмайды.
ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Электросамокат жүргізушілері бірінші кезекте велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен қозғалуы тиіс. Автомобиль жолының жүру бөлігінде электросамокат басқару үшін жүргізуші 18 жасқа толған, жарамды жүргізуші куәлігі бар және қорғаныс шлемін пайдалануы тиіс. Бұл талаптардың барлығының негізгі мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Соңғы жылдары қала көшелерінде электросамокаттар саны қала көшелерінде күрт артқан. Бұл жаяу жүргіншілерге, әсіресе балалар мен қарттарға айтарлықтай қауіпті дейді тұрғындар.
НҰРАЙДЫН ҚУАНДЫҚҰЛЫ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Иә бұл ережені естідім, бұл шын ғой, қазір пешеоходта адамдар көп, кішкентай балаларға қауіпті екені рас. Но, енді қазір велосипедпен жүретін жолақтарды көбейтсе дұрыс болатын еді. Барынша қауіпсіздікті сақтауға тырысамыз
Сонымен қатар, биыл 1 шілдеден бастап электросамокаттарды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талап күшейді. Олар үшін электросамокаттар іс жүзінде механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, тіркеу, мемлекеттік нөмір және сақтандыру сияқты талаптар енгізілді.