Жедел жәрдем саласында адал қызмет етіп жүрген ерлі-зайыптылар
Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметі жыл сайын мыңдаған шақыртуға шығып, өңір тұрғындарына шұғыл көмек көрсетеді. Аумағы кең аймақта бұл жұмыстың сапасы тек материалдық базаға емес, мамандардың тәжірибесі мен кәсібилігіне де байланысты. Осы қызметте қатар еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылар да бар.
Айбол Қалиев Орал қаласының тумасы, ал Лаура Қайратқызы Алматы облысы, Балқаш ауданында туып-өсті. Шаңырақ көтергендеріне бес жыл болған ерлі-зайыптылардың жолы Қонаев қаласындағы жедел медициналық жәрдем қызметінде тоғысқан. Қазір екі баланың ата-анасы атанып, бір салада қатар еңбек етіп жүр.
ЛАУРА ҚАЙРАТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ
«Енді осы жұмыс біздің тағдырымызды қосып тұр негізі. Мен мүлдем негізінде ойламадым, что осы жұмыста мен өзімнің тіреуімді, тірегімді кездестіремін деп. Қазіргі таңда жедел жәрдем негізі біздің жәй ғана ұжымдас ретінде емес, тағдырым, тіреуім, өмірлік тарихым деп айтсам болады негізі»
Жедел жәрдем қызметі — күтпеген жағдайларға үнемі дайын болуды талап етеді. Тәуліктік кезекшілікте түрлі шақырту болады. Оның ішінде мамандарға моральдық тұрғыдан салмақ түсіретін, жылдам шешім қабылдауды қажет ететін ауыр жағдайлар да аз емес. Мұндай сәттерде кәсіби тәжірибемен қатар, ішкі төзім де сыналады.
АЙБОЛ ҚАЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ
«Бірге жұмысқа түскен кезде біздер әрдайым міне сондай қиын вызовтарға барамыз ғой, сол кезде бір-біріміздің карталарымызды толтыруға жәрдемдесеміз. Бұл жұмысы біздерге қиыншылықты жеңуді, батыл болуды үйретті. Біз 24 сағат бойы жұмыс кезекшілігінде боламыз. Оған қарамастан біздер отбасыға көңіл бөлуді де ұмытпаймыз. Бала-шағамызбен қыдырып, серуендеп, кешкі серуен жасап, кешкі тамақтар бірге ішіп, отбасымызға көңіл бөлуді біздер бірінші орынға қоямыз»
Жұмыста уақытылы жету мен техникалық мүмкіндік те маңызды рөл атқарады. Өңірде 1 миллион 652 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін жедел жәрдем жүйесінде 12 қосалқы станция бар. Бұған дейін санитариялық автопарктің тозу деңгейі 70 пайызға дейін жеткен. Биыл осы мәселені шешу үшін көлік паркін жаңартылды.
ШОЛПАН НҰРҒАЛИЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«2026 жылы маусым айында лизинг бағдарламасы аясында жедел медициналық жәрдем қызметіне 70 жаңа санитарлық автокөлік табысталды. Жаңа көліктердің келуі қызмет жұмысына айтарлықтай жақсаруына оң әсерін тигізді. Бүгінде желіде 147 санитарлық автокөлік шығарылып, оның 20-сы дәрігерлік бригада. Сонымен қатар шақыртуларға кешігу көрсеткіші бұған дейін 10 пайызды құраса, қазіргі кезде 2,9 пайызға төмендеді»
Бұл жұмыстың нәтижесі тұрғындардың сенімінен де байқалады. Жедел-жәрдем қызметіне жолданған алғыс хаттар саны 185 ге жеткен. Кадрлық құрамы да толықтырылып, мамандар жұмысқа алынған. Саладағы бұл өзгерістердің түпкі мәні әр тұрғынға уақытылы көмек қолын созу.