Талды мен Жайдақбұлақ ауылдарында жаңа медициналық орталықтар ашылды
Кеген ауданында қос бірдей денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді. Талды мен Жайдақбұлақ ауылдарында заманауи құралдармен жабдықталған жаңа медициналық орталықтар ашылды. Енді ауыл тұрғындары ем алу үшін аудан орталығына сабылмайды.
Кеген ауданында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін жақсарту ұлттық жобасы» аясында аймақта қос бірдей медициналық нысан пайдалануға берілді. Соның бірі – Жайдақбұлақ ауылындағы медициналық пункіт өз жұмысын бастады. Жаңа мекеменің ашылуы жергілікті тұрғындар бұрын болмаған қолайлы жағдай туғызып отыр.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ
КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
"Бұл тек қана мед пункт емес, бұл жерде келіп тіркелген бүкіл халықтың денсаулығын тексеріп отыратын барлық құрал жабдықпен жасақталған. Облыс әкімінің қолдауымен биылғы жылы біздің ауданымызда бесінші мед пункітті ашып отырмыз"
Жаңа медициналық нысанда тексеру, емдеу және физиотерапия кабинеттері бар. Қашанда бірінші байлық денсаулық. Сондықтан енді бас ауырып балтыр сыздай қалса көрші ауылдарымен аудан орталығына сабылмайтын болдық деп бек қуанулы.
БАҚЫТГҮЛ КӨЖЕКОВА
ЖАЙДАҚБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
" Біз өте қуаныштымыз. Бұл – ауылымыздың тұрғындарына ашылуын жасап беріп жатыр. Бұрын Тоғызбұлақ, Жалаңаш ауылдарына баратын едік. Енді бірден өз ауылымзда ем қабылдайтын болдық"
Бұл күні екінші медициналық пункт Талды ауылында ашылды. Мұндай нысандар адам саны шағын әрі шалғай орналасқан елді мекендер үшін ерекше қолайлы. Батысы үйге жақын жерден дәрігерге қаралып, тиісті ем шара қабылдай алады.
БҮРЛЕНХАН МҮСЛІМОВА
ТАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
"Балашағамыз өзіміз сырқөаттана қалсақ ауданымызға болмаса мына 36 ға жүгіретінбіз. Енді ешқайда жүгірмей ақ ауылымызға фелдшер келді. Ана балалар да жүр. Сол балалардың жұмысына сәттілік тілеймін. Ауырмайық. Бала шаға аман деніміз сау болсын".
Биыл аудан бойынша осындай жалпы 6 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Бұл «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін жақсарту ұлттық жобасының» өңірімізде тиісті деңгейде қолға алынып жатқанын көрсетеді дейді сала жауаптылары.
ҚУАНЫШ БАЙКӨБЕСОВ
КЕГЕН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
"Жалпы Кеген ауданында 4 медициналық бекет, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 амбулатория бар. мәне соңғысын ашып отырмыз. Тұрғындар толықтай алғашқы көмекті осы жерден алып, ары қарай егер қажет болса аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізуге мүмкіндік бар"
Айта кетсек «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының басты көздегені – әсіресе шалғай аймақтардағы медициналық көмекті баршаға барынша қолжетімді ету.