Алматы облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланды

Алматы облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланды. Қазір өңірде жалпы қуаты 328 мегаваттан асатын 23 «жасыл» энергия нысаны жұмыс істеп тұр. Жиында осы жобаларды іске асыруда туындайтын басты түйткілдер айтылды.

Бүгінде өңірдің тәуліктік электр энергиясына қажеттілік орта есеппен 750-ден 800 мегаватқа дейін жетеді. Оның 328 мегаваттан астамын жаңартылатын энергия көздері жауып отыр. Қазір аймақта шағын су және жел электр станциялары  жұмыс істейді. Әсіресе, жел арқылы қуат өндіру ісі Еңбекшіқазақ ауданы мен Қонаев қаласында жақсы жолға қойылған. Ал бұл көрсеткішті арттыру үшін 8 жаңа жоба іске қосылмақ.

ДАМИР ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
« Бұлардың әрқайсысының асыру кезеңі әртүрлі деңгейде. Біреулерінің жаңағы жер мәселесімен жаңағы айналысып жатқан, екінші жаңағы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқан. Оның ең ірісі жаңағы  АСК Кеген ауданында. Жаңадан жұмыс орындары ашылады 500-ден астам, және де бір ауқымды жаңағы инвестициялық, жаңа инвестициялар тартылатын болады»

Жер теліміне қатысты түйткіл бұрынғы жобаларға да кедергі келтіруде. Мәселен, Кеген ауданындағы төрт шағын су электр станциясына жерді аудан әкімдігі бөлген. Алайда прокуратура тексерісі бұл шешімнің тек облыс құзыретінде екенін анықтады. Енді құрылысы басталмаған жобалар іске асыруға жерді қайта рәсімдеу қажет.  

 МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бүкіл PPA-контракт алған біздің облыста компаниялар тізімін шығарыңдар. Бүкіл презентация бізге жасаған, начиная там от сжигания мусора, электричество хотели вырабатывать, соларды шығарыңыздар. Анау күнмен, күн сәулесімен жұмыс істейтіндерді шығарыңыздар, гидроны шығарыңыздар, тағы да ветровойға келгендері бар. Бүкіл протоколдарды шығарыңыздар, бір тізімге енгізіңіздер»

Электр желілеріне қатысты да мәселе аз емес. Осы орайда Алматы агломерациясы мен Қонаев қаласын қамту үшін 15 жоғары вольтты қосалқы станция салу жоспарланған. Оның бірі - «Көкшіл» станциясы сараптамадан сәтті өтті, ал қалғандары бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: